digital business-ке IOAI 2026-ны дайындаған команда туралы айтып бердік: Ануар Аймолдин мен Нұрдәулет Аханов IOAI халықаралық ғылыми комитетіне қалай кірді және Олимпиада Әбу-Дабиден Астанаға қалай ауыстырылды.
DSML командасы Нұрдәулет басқарған host scientific committee құрамында тапсырмаларды әзірлеп, финализациялап, деплойлауға да атсалысты. Комитетке резиденттеріміз: Жұлдыз-Жан Сағымбаева, Аяна Мусабаева, Камалхан Артықбаев және Мағауия Жүсіп кірді.
Сондай-ақ Джимми, Коной, Даниил және Асель жаттықтыратын құрамаға өту үшін қатысушылардың қандай қатаң іріктеуден өткені және классикалық мектеп олимпиадаларынан бөлек қандай жарыс түрлері бар екені туралы сөйлестік.




