Қазақстан 4 медаль алды

Қазақстан 4 медаль алды
EUROAI олимпиадасы биыл алғаш рет Румынияның Клуж-Напока қаласында өтіп жатыр. Қазақстанның 4 адамнан тұратын командасы қашықтан қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды! Жеңімпаздардың есімдерін dsml арнасынан талай рет естідіңіздер.
- Алтын: Әбу Қанабек, Алматы/Қонаев
- Күміс: Исламнур Хусаинов, Тараз
- Күміс: Даужан Бекетов, Алматы
- Қола: Сұлтанби Исатай, Қарағанды
Жігіттер олимпиада туралы әсерлерімен бөлісті. Олардың айтуынша, жарыс кезінде қатысушылардың LLM-ге қолжетімділігі болмаған, бұл олар үшін ерекше қызықты сынаққа айналған. Сондай-ақ былтырғы IOAI-дан айырмашылығы, Еуропа олимпиадасында шағын датасеттер мен модельдер қолданылған. Соның арқасында қатысушылар шешімдерін жылдамырақ сынай алды.
Чемпиондарымызды құттықтаймыз! Оларға бұдан да көп жеңіс пен сәттілік тілейміз!
Пікірлер