Article · Herald of journalism · December 19, 2025
Руханият пен цифр дәуірі: жаңа медиадағы Ясауи бейнесі
Abstract
Цифрлық дәуірде рухани мұраны сақтау және тарату жаңа медианың мүмкіндіктерімен тығыз байланысты. Бұл зерттеудің мақсаты – Қожа Ахмет Ясауи мұрасының қазіргі цифрлық кеңістіктегі репрезентациясын талдау, оның жастар санасындағы рухани орны мен даналығының жаңа медиадағы көріністерін анықтау. Сонымен қатар, Ясауи ілімін қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында мәдениетаралық қатынас тілі ретінде зерделеу қарастырылды. Зерттеу жаңа медианың мүмкіндіктері арқылы рухани мұраны сақтау, тарату және оны жаңа мазмұнмен қайта ұсыну мәселелерін кешенді тұрғыдан қарастырады. Зерттеу нәтижелері медиаконтенттегі рухани бейнелерді айқындап, Ясауи мұрасын қазіргі жастарға жақындатуға, сондай-ақ цифрлық мәдениеттегі этикалық өлшемдерді күшейтуге мүмкіндік береді. Мақалада контент-талдау, салыстырмалы талдау және медиазерттеу әдістері қолданылды. Әлеуметтік желілердегі қысқа бейнелер, анимациялық жобалар, аудио даналықтар, визуалды әңгімелер мен деректі фильмдер сынды медиа форматтарда Ясауи бейнесінің берілу ерекшеліктері сараланды. Зерттеу нәтижесінде Ясауи мұрасының цифрлық медиадағы түрлі формалары айқындалып, олардың жастардың дүниетанымы мен рухани бағдарларына ықпалы талданды. Ясауи ілімі рухани тұтастық пен ішкі кемелдіктің символы ретінде жаңа медиада жаңаша мазмұнға ие болып отырғаны дәлелденді. Бұл зерттеу цифрлық мәдениет пен рухани мұраның тоғысында жаңа ғылыми көзқарас қалыптастырып, медиамәдениет, рухани педагогика және цифрлық этика салаларына теориялық үлес қосады. Оның ғылыми-тәжірибелік маңызы – білім беру жүйесінде, медиа өндірісінде және мәдени саясатта Ясауи мұрасын жаңа медиада дұрыс бейнелеу арқылы жастарға рухани тәрбие берудің жаңа тәсілдерін ұсынуында.
More by Aliya Beldibekova
- REPOSITIONING THE KHOJA AHMED YASAWI HERITAGE IN TRANSFORMING KAZAKHSTAN’S TOURISM IMAGE: MEDIA BRANDING AND THE INTEGRATION OF NATIONAL HOSPITALITY STANDARDSBulletin of the International University of Tourism and Hospitality. · 2026
- Ясауи мұрасының туристік имиджін қалыптастырудағы медиа репрезентация: отандық және халықаралық тәжірибеHerald of journalism · 2026
- Methodological Approaches to Working with Open Data in Data JournalismStudies in Media and Communication · 2026 · Citations: 1
- Қожа Ахмет Ясауи ілімі негізінде ақпараттық қоғамдағы журналистердің жауапкершілік мәселелеріBulletin of L N Gumilyov Eurasian National University JOURNALISM Series · 2025
