Article · Bulletin of L N Gumilyov Eurasian National University JOURNALISM Series · September 30, 2025
Қожа Ахмет Ясауи ілімі негізінде ақпараттық қоғамдағы журналистердің жауапкершілік мәселелері
Abstract
Мақалада цифрлық ақпараттық кеңістіктегі журналистік этика мен рухани тұтастық мәселесі қарастырылған. Жаңа медианың қарқынды дамуы рухани-адамгершілік құндылықтарды өзгертті. Осы тұрғыдан алғанда цифрлық этиканың мазмұны мен оның рухани тұтастықпен байланысы талданады. Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі кемелдікке жету концепциясы бүгінгі БАҚ қызметінде жауапкершілік пен адамгер- шілік бағдардың өзекті үлгісі ретінде ұсынылған. Бүгінгі журналистиканың міндеті – ақпараттық және рухани тұтастықты сақтау. Бұл мақалада сопылық ілімдерге негізделген цифрлық этика мен рухани тұтастықты біріктіретін журналистік тәжірибенің жаңа тәсілдері қарастырылады. 21 ғасырдағы журналистика ақпарат тарату құралы ғана емес, құндылықтар- ды таратушы күш ретінде де қызмет етеді. Ақпараттық қоғамда бұқаралық ақпарат құралдары тікелей қоғамдық сана мен рухани ахуалды қа- лыптастырады. Дегенмен, цифрлық кеңістіктің мүмкіндіктерімен қатар, рухани-адамгершілік сілкіністерді өршіту қаупі де бар. Қазақ руханиятында жеке адам мен қоғам арасындағы үндестік орталық ұстаным болып саналады. Бұл ұғым сопылық ілімде де кең таралған. Қожа Ахмет Ясауи мұрасындағы адамның ішкі кемелдігіне ұмтылу идеясы заманауи журналист тұлғасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Медиа кеңістігінде ақпараттық-сауықтыру (инфо-сауықтық) контенті басым. Бұл тұтынушының назарын аударады, бірақ рухани мазмұннан алшақтатып, жеке тұлғаның тұтастығын бұзады. Әлеуметтік желідегі манипуляциялық мазмұн, өшпенділік және жалған жаңалықтар тек қоғамдық пікірге ғана емес, адамның дүниетанымына да әсер етеді. Бұл жағдайдан шығу үшін бұқаралық ақпарат құралдарының этикалық жауапкершілігін арттыру қажет. Ясауидің ниет тазалығы, іс-әрекетке жауапкершілік, парасаттылық ұстанымдары қазіргі цифрлық этика талаптарына сай келеді. Мақалада отандық БАҚ-тағы рухани мазмұнды қалыптастыру жолдары мен журналистік тәжірибенің этикалық аспектілері де қарастырылған.
More by Aliya Beldibekova
- REPOSITIONING THE KHOJA AHMED YASAWI HERITAGE IN TRANSFORMING KAZAKHSTAN’S TOURISM IMAGE: MEDIA BRANDING AND THE INTEGRATION OF NATIONAL HOSPITALITY STANDARDSBulletin of the International University of Tourism and Hospitality. · 2026
- Ясауи мұрасының туристік имиджін қалыптастырудағы медиа репрезентация: отандық және халықаралық тәжірибеHerald of journalism · 2026
- Methodological Approaches to Working with Open Data in Data JournalismStudies in Media and Communication · 2026 · Citations: 1
- Руханият пен цифр дәуірі: жаңа медиадағы Ясауи бейнесіHerald of journalism · 2025
