Skip to content
Publications

Article · Bulletin of the Karaganda University Pedagogy series · March 30, 2025

Білім беруде аралас оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі

М.S. Balganova, Elvira Adylbekova, Halil İbrahim Bülbül

Abstract

Мақалада информатика мұғалімдерін даярлау барысында білім берудегі аралас оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі қарастырылған. Болашақ информатика мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, информатика сабақтарында аралас оқыту технологиясын қолданудың артықшылығы, тиімді жақтары теориялық және практикалық тұрғыдан негізделеді. Авторлар мақалада аралас оқыту модельдерінің ерекшеліктеріне, дәстүрлі оқытудың артықшылықтарына, оны жүзеге асыруда қолданылатын цифрлық технологиялардың түрлеріне теориялық шолу жасаған. Оның ішінде ерекше аталатын, төңкерілген сынып пен бекет ротациясы модельдерін қолданудың тиімділігі сипатталған. Бекет ротациясы мен төңкерілген сынып модельдерін сабақта қолданудың жалпы қадамдары ұсынылды, оның тиімділігі эксперимент жүзінде дәлелденді. Аралас оқыту моделінің мәні — сынып пен үй жұмыстары кейбір жерлерде өзгереді, яғни оқушы үй тапсырмасы аясында жаңа материалды өз бетінше оқиды, ал сабақта белсенділік тәсіліне негізделген жаңа біліммен жұмыс ұйымдастырылады. Үйде оқушылар онлайн оқытудың теориялық материалымен танысады, сабақта тақырыбы бойынша курстың практикалық тапсырмаларын орындайды, бұл өзін-өзі бақылау мен рефлексияны ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұғалім сабаққа дейін орындалған тапсырмалардың сапасы мен көлемін, оқушыларда туындаған мәселелерді талдайды. Бұл «әлсіз жерлерді» көруге және сабақта жағдайды түзету әрекеттерін жасауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл модельдердің барлығы әзірленген онлайн оқытудың болуымен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Сондықтан Stepik.org платформасында әзірленген оқыту курсын қолдану нәтижесі келтірілді.

Online and Blended LearningEducational Technology and E-LearningInnovative Educational Technologiesblended learninginformatics teacher trainingflipped classroom

More by Elvira Adylbekova