Article · ILIM · March 31, 2026
Білім беруде виртуалды ассистенттердің қолданылуы мен тиімділігі
Айдын Оразбек, Elvira Adylbekova
Abstract
Виртуалды асисстент – бұл жасанды интеллектке негізделіп жасалған цифрлық көмекші. Бұл қолданушыларға түрлі тапсырмаларды орындауда көмек көрсетеді. Мысалы, сұрақтарға жауап беру, ақпарат іздеу, білім беру процесін жеңілдету және т.б. Мақалада сыныптағы виртуалды ассистенттердің білім беру процесінде қолданылуы қарастырылады. Зерттеу барысында виртуалды ассистенттердің оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға, оқу материалын меңгеруді жеңілдетуге және педагог пен білім алушы арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға ықпал ететіні анықталды. Сондай-ақ, олар жеке оқыту мүмкіндігін кеңейтіп, оқушылардың білім алу дағдыларын дамытуда ыңғайлы құрал. Нәтижесінде, виртуалды ассистенттерді білім беру процесіне енгізу білім сапасын арттыруға және заманауи цифрлық білім беру ортасын құруға негіз бола алады. Білім беру үдерісінде виртуалды ассистенттерді қолданудың педагогикалық, психологиялық және әдістемелік негіздерін айқындау, олардың оқу мотивациясына және білім сапасына ықпал ету тетіктерін ғылыми тұрғыда дәлелдеу қажеттілігінмен анықталады. Бұл бағыттағы ізденістер білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында педагогикалық инновацияларды дамытуға және жасанды интеллект элементтерін адам мен білім алушы арасындағы зияткерлік өзара әрекеттестіктің тиімді құралы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
More by Elvira Adylbekova
- A structured online learning model based on active learning strategies: design and experimental evaluation in teacher educationFrontiers in Education · 2026
- Enhancing professional competencies of pre-service computer science teachers through blended learning: a quantitative studyFrontiers in Education · 2026
- Мектеп математикасын оқытуда кейс әдісін қолданудың әдістемелік ерекшеліктеріZenodo · 2026
- ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДА АРАЛАС ОҚЫТУ МОДЕЛЬДЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫBULLETIN OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN · 2025 · Citations: 1
