Article · Bilim scientific and pedagogical jornal · March 29, 2024
Мектеп информатикасында жасанды интеллект негіздерін оқытудың қажеттілігі
Назира Әденбек, Zhanat Kunapianovna Nurbekova
Abstract
Әлеуметтік және адам өмірінің әртүрлі аспектілерін цифрландыру ақпараттық технологиялар саласындағы жасанды интеллект бағытының артуымен сипатталады. Алдағы уақытта жасанды интеллектке байланысты құзыреттер кез келген кәсіптің мамандары үшін үлкен сұанысқа ие болады. Осыған байланысты ғалымдар мен педагогтер арасында мектепте жасанды интеллект негіздерін оқыту мәселесінің өзектілігі артып келеді. Сонымен қатар қазіргі таңда ҰБТ (Ұлттық Біріңғай тестілеу) сұрақтарына да жасанды интеллект негіздері бойынша сұрақтардың кіріктіріліуіне байланысты бұл тақырып зерттеуді қажет етеді. Бұл мақалада мектеп информатикасында жасанды интеллект негіздерін оқыту мазмұны қарастырылып, талдау жасалынды. Қазіргі білім беру жүйесінде орта буын оқушыларын оқыту кезінде мектеп информатикасында жасанды интеллект негіздерін оқытудың қажеттілігі қаншалықты деңгейде екенін анықталды. Зерттеу барысында мектептің 20 информатика пәні мұғалімдерінен және 40 оқушыдан сауалнама алынып, талданды. Зерттеу нәтижесі бойынша оқушыларда жасанды интеллект негіздері бойынша білім деңгейлері қарастырылып, олардың қызығушылықтарының жоғары деңгейде екені көрсетілді. Сонымен қатар мектеп информатикасында жасанды интеллект негіздерін оқытудың қажеттілігі анықталып, жасанды интеллект негіздерін оқытуда көбінесе жобалық тапсырмалардың енгізілуі керек екендігі айқындалды.
More by Zhanat Nurbekova
- Evaluating Large Language Models for Kazakh-Language Educational Assistants: Sentiment Classification and Question Answering with and Without ContextInformation · 2026
- A multifactor model for assessing programming knowledge based on the synchronization of AI analytics and expert evaluationFrontiers in Education · 2026
- Development of a data mining methodology for an analytical system supporting students’ professional developmentFrontiers in Education · 2026
- An Ethical and Governance-Aware Data Collection Framework for Low-Resource Kazakh LLM TrainingInternational Conference on Computer Science and Engineering · 2026
