Article · Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics Series · March 31, 2022
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ШЫНАЙЫЛЫҚ ӘДЕБИЕТТЕРІНЕ ШОЛУ
Kaussar Mukhtarkyzy, Dariya B. Abykenova, Almagul Zh. Assainova, Gulmira Abildinova
Abstract
"Білім беру саласында толықтырылған шынайылыққа (AR) көп көңіл бөлінуде. Көптеген AR жүйелері оқу зертханалық жағдайда жиі жүргізілетін эмпирикалық зерттеулер барысында кеңінен қолданылуда. Соңғы жылдары ерекше білім беру жағдайларын жасау үшін толықтырылған шынайылықты қолдануға қызығушылық артып келеді. Бұл мақалада білім беру мекемелеріндегі толықтырылған шынайылықтың қолданылуы, артықшылықтары, ерекшеліктері мен тиімділігі сияқты факторларды ескере отырып, білім беру мекемелеріндегі толықтырылған шынайылық туралы әдебиеттерге шолу жасалды. Web of Science, Scopus, Google Scholar әлеуметтік ғылымдардың дәйексөз индексінің деректер базасында 2019 жылдан 2021 жылға дейін жарияланған 30 зерттеу жұмыстары талданды. Білім беру саласындағы қосымшалардың қолжетімділігіне қатысты зерттеулердің одан арғы тақырыптары айқындалды. Шолудың нақты мақсаты білім беру сценарийлерінде AR қосымшасын қолдануға қатысты әдебиеттерді зерттеу болды. Тиісті ғылыми зерттеулерді қамту үшін келесі зерттеу сұрақтары қойылды: Соңғы жылдарда AR мақалаларына сұраныстар бар ма? AR қолдану салалары қандай? AR-мен байланысты тағы қандай технологиялар қолданылады? Білім беру мекемелерінде AR қосымшаларын қолданудың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар? Сонымен қатар, білім берудегі кеңейтілген шындық технологиясын қолданатын эмпирикалық зерттеулерді қарастырамыз. "
More by Dariya Abykenova
- ПРОАКТИВНЫЕ ПЕДАГОГИ В КОНТЕКСТЕ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА: ТЕНДЕНЦИИ И НАПРАВЛЕНИЯ НАУЧНЫХ ПУБЛИКАЦИЙ В БАЗЕ SCOPUSЖурнал серии «Педагогические науки» · 2026
- ОРТА МЕКТЕПТЕ БАҒДАРЛАМАЛАУҒА ОҚЫТУДЫҢ БЕЙІМДІ МОДЕЛЬДЕРІН ЖОБАЛАУ: ТӘСІЛДЕР МЕН ҚҰРАЛДАРҒА ЖҮЙЕЛІ ШОЛУBulletin of Toraighyrov University Pedagogics Series · 2026
- ИНТЕГРАЦИЯ ИСКУССТВЕННОГО ИНТЕЛЛЕКТА В ОБРАЗОВАНИИ В КОНТЕКСТЕ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ БАРЬЕРОВ И ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСКОГО ПОТЕНЦИАЛАBULLETIN OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN · 2026
- Жасанды интеллект негізіндегі зияткерлік білім беру технологиялары: когнитивтік, эмоционалдық және пәнаралық құзыреттіліктерді дамытудағы рөлі (жүйелі талдамалық шолу)Bilim scientific and pedagogical jornal · 2026
