Skip to content
Publications

Article · Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series · December 30, 2025

TORCH: МАГНИТОГИДРОДИНАМИКАЛЫҚ АСТРОФИЗИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ МОДЕЛЬДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Adilkhan Assilkhan, M. Kalambay, Aigerim Otebay, A. Sakan, Nurzhan Ussipov

Abstract

Астрофизика ғарыштық объектілердің физикалық қасиеттерін, олардың пайда болу механизмдерін, эволюциялық динамикасын және ғарыштық кеңістікте жүретін күрделі көпфакторлы физикалық процестерді зерттейтін іргелі ғылым саласы. Әсіресе жұлдыздардың түзілуі мен галактикалардың қалыптасуын сипаттайтын теориялық модельдерді тек бақылау деректеріне сүйене отырып толық әрі жан-жақты түсіндіру жеткіліксіз. Осыған байланысты қазіргі астрофизикалық зерттеулерде есептеу модельдеуі мен сандық симуляциялар негізгі зерттеу әдістерінің бірі ретінде кеңінен қолданылады. Бұл жұмыста молекулалық бұлттарда жұлдыз түзілу процестерін зерттеуге бағытталған Torch бағдарламалық кешенінің функционалдық мүмкіндіктері қарастырылды. Бағдарламалық жасақтаманың архитектуралық құрылымы, есептеу тиімділігін арттыруға арналған алгоритмдік шешімдері және магнитогидродинамикалық әдістерді қолдану ерекшеліктері егжей-тегжейлі талданды. Әртүрлі кеңістіктік тор ажыратымдылықтарында жүргізілген сандық модельдеулер есептеу нәтижелерінің тұрақтылығын, дәлдігін және ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері Torch бағдарламасының жоғары өнімді суперкомпьютерлік инфрақұрылымды міндетті түрде талап етпей, көп ядролы дербес компьютерлерде, соның ішінде 8 ядролы процессорлар негізіндегі жүйелерде де, тиімді жұмыс істей алатынын көрсетті. Бұл Torch кешенін жұлдыз түзілу процестерін сандық модельдеу саласында қолжетімді, икемді және перспективалы зерттеу құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: магнитогидродинамика, жұлдыз түзілуі, сандық модельдеу, Torch, астрофизикалық модельдеу, есептеу тиімділігі.

Solar and Space Plasma DynamicsAstrophysics and Star Formation StudiesAstrophysical Phenomena and Observationsmagnetohydrodynamicsstar formationmolecular clouds

More by Nurzhan Ussipov