Article · Bulletin of L N Gumilyov Eurasian National University JOURNALISM Series · June 28, 2024
Mojo журналистика – жаңа мүмкіндіктер
Abstract
Мобильді журналистика дегеніміз не? Пайдаланушының шикі кон- тентін толық біткен репортажға айналдыру мақсатындағы сандық сторителлинг құралдары мен тәсілдерінің комбинациясы. Қарапайым түсінікті тілмен айтқан- да мобильді журналистика телефоныңыз және микрофон. IOS пен Androidтың дамуы ақпараттық қоғамда жаңа толағай мүмкіндіктер береді. Смартфон, ин тернет сынды заманауи технологиялар бүгінде медиа саласының, тіпті журна- листиканың табиғатын өзгертіп отыр. Mojo-мобильді журналистика. Мобильді құрылғыларды қолдана отырып, сапалы репортаж жасау мүмкіндігін ұсынады. Мобильді журналистика жедел әрі интерактивті. Демек әмбебап. Нағыз конвер- гентті журналистиканың өнімі. Смартфондар мен планшеттердің көмегімен жа- салған өнім кәсіби жабдыққа түсірілген бейнелер мен фотолардан кем түспейді, сонымен қатар мобильді мазмұндағы аудиторияның өсіп келе жатқан қажет- тіліктерін тиімді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік желі арқылы жоғары сапалы интернеттің көмегімен жылдам монтаж жасап, сапалы ақпарат жазуға болады. Ең басты артықшылығы қолжетімділік, құпиялылық және же- делдік. Дегенмен сапа тұрғысынан кемшіліктерге бой алдыруы мүмкін. Алайда видеосюжеттің сапалы болуы ол журналистің қолындағы смартфонға байла- нысты. Соңғы үлгідегі қуатты, жақсы құрылғы болса, сапалы өнім алуға бола- ды. Мобильді журналистиканы ең алғаш қолданған журналист Стивен Манн. Ол алғашқы репортажында өзге журналистер ала алмаған құпия ақпараттарды мобильді журналистиканың көмегімен жариялады. Мақалада мобильді журна- листиканың БАҚ жүйесіндегі орны мен қазіргі таңдағы сұранысы сөз болады. Бұл саланың дамуы мен журналистикадағы мобильді құрылғыларды қолда- ну ерекшеліктері қарастырылады. Мобильді журналистиканы дамытудың ар- тықшылықтары, кемшіліктері мен мүмкіндіктері атап өтілді. Оның дәстүрлі журналистикаға қатысты орны айқындалды.
More by Aliya Beldibekova
- REPOSITIONING THE KHOJA AHMED YASAWI HERITAGE IN TRANSFORMING KAZAKHSTAN’S TOURISM IMAGE: MEDIA BRANDING AND THE INTEGRATION OF NATIONAL HOSPITALITY STANDARDSBulletin of the International University of Tourism and Hospitality. · 2026
- Ясауи мұрасының туристік имиджін қалыптастырудағы медиа репрезентация: отандық және халықаралық тәжірибеHerald of journalism · 2026
- Methodological Approaches to Working with Open Data in Data JournalismStudies in Media and Communication · 2026 · Citations: 1
- Руханият пен цифр дәуірі: жаңа медиадағы Ясауи бейнесіHerald of journalism · 2025
