Skip to content
Publications

Article · Вестник КазАТК · June 29, 2026

FPV РОБОТТАРЫН ӘЗІРЛЕУДЕ IOT ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАТЧИКТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Нұржан Жұмахан, Baurzhan Belgibaev

Abstract

Бұл жұмыста агроөнеркәсіптік және азық-түлік секторларын цифрландырудың өзектілігі мен инновациялық технологияларды енгізудің тиімділігі қарастырылған. Зерттеу шеңберінде Internet of Things (IoT), First Person View (FPV) және интеллектуалды сенсорлар жүйесін қолдануға негізделген FPV-агророботтың басқару жүйесі талданды. Ұсынылған киберфизикалық архитектура нақты уақыттағы мониторинг пен басқаруды қамтамасыз етеді, ал смарт-сенсорлар температура, ылғалдылық, газ құрамы және басқа параметрлерді автоматты түрде өлшейді. FPV технологиясы операторға роботтың көру бұрышынан бейнебақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Жүйенің басқару бөлігі Raspberry Pi және ESP32 микроконтроллерлері арқылы жүзеге асырылады. Алынған нәтижелер роботтандырылған қашықтықтан басқарылатын платформалардың аграрлық саладағы тиімділігін арттыруға және өндірістік процестерді интеллектуалдандыруға жол ашады.

Smart Agriculture and AIRobotics and Automated SystemsArduino and IoT Applicationsagricultural roboticsfirst-person viewInternet of Things

More by Baurzhan Belgibaev