Қазақстандық оқушылар Technology Olympics 2025 жарысында үшінші орын алды

Telegram-да ашу
Қазақстандық оқушылар Technology Olympics 2025 жарысында үшінші орын алды

25 қыркүйекте қауымдастығымыздың резиденттері, 11-сынып оқушысы Ағзам Шамсадинов пен 10-сынып оқушысы Әбу Қанабек Иранның университеттерге арналған деректерді талдау бойынша халықаралық Technology Olympics 2025 олимпиадасының жартылай финалында үшінші орын алды!

Командалық жарыста жіктеу, регрессия және уақыт қатарларын қамтитын алты есеп ұсынылды. Есептерді 24 сағат ішінде шешу керек болды.

Оқушылар жалпы есепте үшінші орын алып, 30 қазанда Тегеранда өтетін финалдық іс-шараға шақырылды.

Пікірлер

Осы жаңалық немесе вакансия бойынша DSML.kz қатысушыларының талқылауы.

Кіру күйі тексеріліп жатыр...