ҚазҰУ-дағы деректер мен IT саласына арналған екі бағдарлама

- ЕСЕПТЕУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ СТАТИСТИКА (6B05404), механика-математика факультеті.
ҰБТ пәндері: математика + физика. Грантқа шекті ҰБТ балы — 90, ақылы бөлімге — 80.
Бағдарлама қолданбалы математика мен data science-қа басымдық береді. Негізгі пәндер: Алгоритмдеу және бағдарламалау; Алгоритмдер және деректер құрылымы; Кванттық есептеулерге кіріспе; Машиналық оқытуға кіріспе; Дискретті математика; Деректерді функционалдық талдауға кіріспе; Математикалық талдау (1, 2); ООП; Машиналық оқыту.
- КОМПЬЮТЕРЛІК ҒЫЛЫМДАР (6B06102), ақпараттық технологиялар факультеті.
ҰБТ пәндері: математика + информатика. Грантқа шекті ҰБТ балы — 85, ақылы бөлімге — 75.
Бағдарлама IT әзірлеу саласындағы практикалық пәндерге көбірек көңіл бөледі. Негізгі пәндер: Алгоритмдер және деректер құрылымы; Компьютерлік жүйелер архитектурасы; Параллель есептеу жүйелерінің архитектурасы; Деректер базасы; Дискретті математика; Императивті бағдарламалау; Компьютерлік желілер және қауіпсіздік; Есептеу әдістері; Компьютерлік көру; Алгоритмдерді жобалау және талдау.
Оқу ақысы туралы: ҚазҰУ-да бір кредит құны 2022–2023 оқу жылында 16 667 теңге болды. Жоғарыдағы бакалавриат бағдарламалары бойынша ҚР азаматтарына ақылы оқу жылына 1 миллион теңге тұрады. Жақын шетел азаматтары үшін баға жоғары:
- Орыс және қазақ тілдеріндегі бөлімдерде жылына 1 500 000 теңге
- Ағылшын тіліндегі бөлімде жылына 1 700 000 теңге.
Пікірлер
Осы жаңалық немесе вакансия бойынша DSML.kz қатысушыларының талқылауы.