Зәңгір Ықыласов MBZUAI-да PhD диссертациясын сәтті қорғады

Зәңгір нейрондық желілер мен reinforcement learning маршруттау, ресурстарды басқару және жоспарлау секілді комбинаторлық есептердің шешімін табуды қалай жеделдете алатынын зерттеп, мына жобаларды ұсынды:
- Өндірісті жоспарлауға арналған жаңа оқыту тәсілі: есептердің күрделілігі динамикалық түрде артып, модельдердің оқуын жақсартады
- Графтағы қозғалыс уақыты стохастикалық болатын маршруттау есептерін шешуге арналған RL framework
- Комбинаторлық есептерді тиімді шешу үшін үлкен тілдік модельдерді қолданатын өздігінен бағытталатын іздеудің жаңа стратегиясы
Бұл жұмыстар IJCAI23, ACML23, IEEE Access және NeurIPS24 басылымдары мен конференцияларында жарияланды.
MBZUAI — 2019 жылы Абу-Дабиде ашылған, жасанды интеллектке арналған әлемдегі алғашқы университет және AI/ML бағыты бойынша үздік 20 оқу орнының бірі. Зәңгір MBZUAI тарихында PhD диссертациясын сәтті қорғаған үшінші докторант атанды!
Жақында MBZUAI-дың 2025 жылдың күзіне арналған магистратура және PhD бағдарламаларына құжат қабылдау басталды. Университетте бес бағыт бар: ML, CV, NLP, CS және Robotics. Өтінімдердің бірінші легін тапсыру мерзімі — 2025 жылғы 15 қаңтар.
Пікірлер
Осы жаңалық немесе вакансия бойынша DSML.kz қатысушыларының талқылауы.