Higgsfield AI вирустық танымалдыққа жетіп, AMD-мен серіктесті

Telegram-да ашу
Higgsfield AI вирустық танымалдыққа жетіп, AMD-мен серіктесті

Қазақстандық AI энтузиастарының жаһандық технологиялық кеңістікті қалай өзгертіп жатқанын мақтан тұтудан жалықпаймыз

Бұл жолы — Ерзат Дулат негізін қалаған қазақстандық Higgsfield AI стартапының үлкен жетістігі. Команда жуырда ғана мүмкін емес көрінген дүниені жасап жатыр.

31 наурызда Higgsfield AI күрделі операторлық тәсілдерді қосып, суреттер мен видеоларды «жандандыратын» жаңа модель ұсынды.

Пайдаланушылар бірден модельмен тәжірибе жасап, фотосуреттер мен мемдерді ғана емес, әйгілі фильмдердің көріністерін де жаңа стильде қайта түсіріп, жандандыра бастады.

Нәтиже көп күттірмеді:

  • X желісіндегі видеолардың бірі 9,1 млн қаралым жинап, АҚШ-тағы барлық бәсекелестен озды
  • Қытайда Higgsfield видеолары Weibo-да белсенді тарап, 10 миллионнан астам пайдаланушыға жетті
  • Жақында команда процессорлар мен GPU саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі AMD-мен ресми серіктестік орнатқанын хабарлады

Higgsfield пен бүкіл команданы құттықтаймыз

Бұл тек бастамасы екеніне сенеміз!

Талқылау · 02

Пікірлер

Кіру күйі тексеріліп жатыр...