IOAI 2026 Астанада өтеді

Telegram-да ашу
IOAI 2026 Астанада өтеді

International Olympiad in Artificial Intelligence — оқушыларға арналған ең танымал халықаралық AI олимпиадаларының бірі. Биыл жарыс Абу-Дабиден Астанаға ауыстырылды, бұл Қазақстан үшін үлкен оқиға.

Қазақстанның БАӘ орнына олимпиаданы өткізуге негізгі үміткерлердің бірі болуына IOAI халықаралық ғылыми комитетіне кіретін, есептер әзірлеу мен олимпиаданы ұйымдастыруға қатысатын DSML резиденттері Ануар Аймолдин мен Нұрдәулет Ахановтың еңбегі мен беделі көп ықпал етті.

Өткен жылы DSML және CPFED Қазақстандағы алғашқы республикалық AI олимпиадасын бірлесіп өткізіп, құраманы IOAI-ға дайындады. Бұл еліміздегі оқушыларға арналған AI білімінің маңызды алғашқы қадамдары болды. 2025 жылы бастаманы Ануар және Нұрдәулетпен бірге дамытуға көмектескен резиденттерімізге тағы да алғыс айтамыз: Ален Баев, Даниил Орёл және Әсел Ермекова 🫶🏽

IOAI 2026 жаңалықтарын күтіңіздер — алда қызық көп!

Пікірлер

Осы жаңалық немесе вакансия бойынша DSML.kz қатысушыларының талқылауы.

Кіру күйі тексеріліп жатыр...