NeurIPS 2026: 16 байқау

NeurIPS 2026 жақындап қалды: онда Competition Track аясында түрлі тақырыптағы 16 байқау өтеді:
- Scientific AI, Physics & Engineering: Learn2Design, Smart Buildings, Fusion Equilibrium, RealPDE, FAIR Universe Weak Lensing.
- Healthcare/Bio: SimulacraBench, AMP Challenge, Speech Accessibility Project Challenge 2, Virtual Embryo.
- Foundation Models, Reasoning & AI Evaluation: Steerability, Predictive AI Evaluation, AIMO Interpretability, QuantiPhy.
- Robotics, Agents & Embodied AI: RoboSyn, RoCo-Spring, Agenthon for qunatitative finance
Воркшоптар аясында тағы бірнеше байқау өтеді: EEG/EMG Foundation Challenge, AV Causal Reasoning Retrieval Challenge, Lean Refactor Arena, AgentOdyssey.
Байқаулардың басым бөлігі қыркүйек-қазан айларында өтеді. Бұл қызығушылық танытқандардың бәрі, соның ішінде мектеп оқушылары мен зерттеумен айналыспайтын адамдар, үздік зертханалар шешіп жатқан озық міндеттерді орындап, өз шешімі туралы мақала жариялап, ең ірі AI конференциясына бару үшін тамаша мүмкіндік.
Пікірлер
Осы жаңалық немесе вакансия бойынша DSML.kz қатысушыларының талқылауы.