Ерзат Дулат Higgsfield AI, Diffuse және генеративті видео туралы
Қауымдастығымыздың пионері әрі жасанды интеллект саласындағы көрнекті зерттеуші, көпшілік higgsfield атымен танитын Ерзат Дулатпен көлемді сұхбат жарияланды.
Ерзат пен оның Higgsfield AI стартабындағы командасы АҚШ-та жаңа Diffuse платформасына $8 млн инвестиция тартты. Мобильді қолданба пайдаланушыларға мәтіндік сұрау арқылы дайын клиптерді немесе өз фотосуреттерін пайдаланып, видеоконтентті нөлден жасауға мүмкіндік береді.
Сұхбаттың қысқаша мазмұны:
- Білім және мансаптың басталуы:
«Мектептен кейін computer science-ты шамамен 2–3 жыл оқыдым. Бірақ кейін жалығып, өзіме жаңа нәрсе іздей бастадым. Машиналық оқыту туралы осылай білдім. 2016 жылы бұл сала хайптан әлі алыс еді. Тіпті ол кезде Қазақстанда машиналық оқыту мамандары да жоқтың қасы болатын.»
- OpenAI-мен әңгіме:
«2018 жылы OpenAI маған өздері хабарласты. Machine learning туралы жұмыстарымның бірі жарияланғаннан кейін компанияның тең құрылтайшысы Джон Шульман электрондық поштама жазып, командаға қосылуды ұсынды. Бірақ мен өз жобаларыммен айналысуды таңдадым.»
- Higgsfield AI-дың бәсекелік артықшылықтары:
«Sora-ның мақсатты аудиториясы Голливуд продюсерлері болса, біздікі — әлеуметтік желілер үшін көп контент жасауы қажет түрлі компаниялардың маркетинг бөлімдері. Біз олардың шығынын едәуір азайта аламыз.»
- Инвестиция тарту:
«Инвесторларға біздің Кеңес дәуірінен мықты математика мектебі қалған азиялық ел екенімізді айттым. Бұл америкалықтарға ұнайды, өйткені олар азиялықтармен жұмыс істегенді жақсы көреді.»
- Генеративті AI болашағы
«Бір жылдың ішінде AI сервистері адамдар жасаған контенттен ажырату мүмкін емес контент өндіре алады.»
Пікірлер
Осы жаңалық немесе вакансия бойынша DSML.kz қатысушыларының талқылауы.