Қазақстан IMO 2025 олимпиадасында алты медаль алды

🇰🇿 Қазақстан IMO 2025 олимпиадасында алты медаль алды
Қазақстан құрамасы шілдеде Австралияда өткен 66-шы халықаралық математика олимпиадасында 110 елдің арасында 17-орын алды.
Жүлдегерлеріміз: 🥈 Мирон Юркевич — 73-орын; 🥈 Әмірлан Аманжолов — 82-орын; 🥈 Марғұлан Шәрел — 91-орын; 🥈 Әмір Сахипов — 91-орын; 🥉 Ерқанат Кеңшілік — 203-орын; 🥉 Ерасыл Алтынбек — 243-орын.
Команда мүмкін болған 252 балдың 175-ін жинап, әлемнің үздік 20 құрамасының қатарына енді. Алтын медаль болмаса да, бұл соңғы жылдардағы үздік нәтижелердің бірі және қазақстандық оқушылар дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді.
Қатысушылар мен тәлімгерлерді осы жетістікпен құттықтаймыз!
Пікірлер