Alem Cup 2023 бағдарламалау чемпионаты басталды

8 қыркүйекте alem school ұйымдастыратын және Astana Hub халықаралық технопаркі қолдайтын жыл сайынғы Alem Cup 2023 бағдарламалау чемпионаты басталды. Қатысушылар компьютерлік ойында басқа ойыншылармен күресетін боттар жасап, ақшалай жүлде үшін жарысады. Білімі мен жасына қарамастан кез келген адам қатыса алады.
Жүлде қоры:
- 1-орын: 1 000 000 теңге
- 2-орын: 700 000 теңге
- 3-орын: 400 000 теңге
Сіздің кодыңыз әр 15 минут сайын шеберлік деңгейі ұқсас қатысушылардың кодымен жарысады. Қарсыласты жеңгенде рейтинг ұпайы қосылып, жеңілгенде шегеріледі. Аренадағы әр ойын кезеңінен кейін рейтинг жаңартылады. Рейтингі ең жоғары үш ойыншы финалға өтеді.
Қолдау көрсетілетін бағдарламалау тілдері: Python, C++, JS, Go, Pascal, Java, PHP, C, C#, Ruby, Kotlin, Blockly.
Чемпионат 12 қазанға дейін жалғасады.
Пікірлер
Осы жаңалық немесе вакансия бойынша DSML.kz қатысушыларының талқылауы.