Қазақстан ICPC World Finals тарихындағы алғашқы алтынын алды

Бүкіл Қазақстан көптен күткен оқиға 🇰🇿
ICPC 2023 спорттық бағдарламалау бойынша әлем чемпионатының финалында қазақстандық Батыр Сардарбеков Harbour.Space University Barcelona командасының құрамында тарихи алтын медаль жеңіп алды 🏆
Қазақстандық спорттық бағдарламашылар ICPC жарыстарына 20 жылдан бері қатысып келеді. Еліміздің өкілі алғаш рет тарихи жетістікке — алтын медальға қол жеткізді. Батыр Сардарбековтің жеңісі Қазақстандағы осы зияткерлік спорттың дамуына үлкен серпін береді 🥇
🔹 2023 жылғы финалда еліміздің төрт командасы да өнер көрсетті: Astana IT University, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Назарбаев Университеті және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті. Тартысты бәсекеде олар Сингапур ұлттық университеті мен Мельбурн университетін қоса алғанда, 54 команданы артта қалдырды.
🔹 2022 жылғы финалда Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті мен Astana IT University командалары өнер көрсетіп, Кембридж және Вашингтон университеттерін қоса алғанда, 79 команданы артта қалдырды.
🌍 ICPC World Finals 2024 спорттық бағдарламалау әлем чемпионатын келесі болып Қазақстан қабылдайды. Финал қыркүйекте Астанада өтеді.
Командаларды құттықтаймыз, оларды мақтан тұтамыз және алдағы кәсіби жолдарына сәттілік тілейміз!
Пікірлер