Skip to content
Publications

Article · Bulletin of Toraighyrov University Energetics series · June 30, 2026

ГИБРИДТІ МОДЕЛЬДЕУ ӘДІСТЕРІ НЕГІЗІНДЕ КҮРДЕЛІ ӨНЕРКӘСІПТІК ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ЕГІЗІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Gulzhan Uskenbayeva, Ә. Қ. Сыдық, Aliya Shukirova, С. Е. Тасанбаев, Korlan Kulniyazova

Abstract

Соңғы онжылдықта әлемдік мұнай-газ құбыр инфрақұрылымын басқаратын компаниялар «цифрлық құбыр» деңгейінен «интеллектуалды құбыр» (smart/intelligent pipeline) тұжырымдамасына жүйелі түрде өту стратегиясын қалыптастырды. Бұл трансформация Industry 4.0, киберфизикалық жүйелер (CPS), өндірістік IoT, бұлттық есептеулер, үлкен деректер аналитикасы және жасанды интеллекттің өндірістік ортаға терең енуімен жеделдей түсті. Нәтижесінде құбыр желілерін жобалау, салу және пайдалану үдерістерінде деректерге сүйенген басқару, активтің өмірлік циклін толық қамтитын мониторинг, тәуекелді алдын ала болжау және операциялық тиімділікті көтеру негізгі мақсатқа айналды. Осы жаһандық өзгерістер аясында цифрлық егіз (Digital Twin) технологиясы интеллектуалды құбырды қалыптастырудың ең маңызды «күшейтуші» (enabling) тетіктерінің бірі ретінде орнықты. Цифрлық егіз нақты физикалық құбыр объектілерімен үздіксіз байланыста болатын сандық модельдер жүйесін құрып, нақты уақыт режимінде күй-жай деректерін виртуалды ортадағы есептеу модельдерімен біріктіреді. Бұл мақалада мұнай-газ құбыр желілерін интеллектуалдандырудағы цифрлық егіздің рөлі егжей-тегжейлі талданып, оның анықтамасы, ұзақ мерзімді мақсаттары, қолдану парадигмасы және болашақ зерттеу/тәжірибелік жұмыстардың негізгі бағыттары ұсынылады. Атап айтқанда, цифрлық егіздің тиімділігі көбіне деректердің толықтығы мен сенімділігіне, модельдердің физикалық процестерді дәл сипаттауына, жүйелер арасындағы интеграция сапасына және басқарушылық шешімдердің автоматтандырылған контурын дұрыс құруға тәуелді екені негізделеді. Цифрлық егіздің практикалық іске асырылуының мысалы ретінде мұнай өңдеу өндірісінің цифрлық егізіне біріктірілген флюид-каталитикалық крекингтің гибридті физика–деректерге негізделген моделі қарастырылып, оның болжау дәлдігінің артуы және экстраполяция жағдайларында тұрақтылығы көрсетіледі. Кілтті сөздер: цифрлық егіз, интеллектуалды құбыр, киберфизикалық автоматтандыру, өндірістік IoT, SCADA/GIS интеграциясы, актив тұтастығы, ақауды ерте анықтау, болжамды қызмет көрсету.

Digital Transformation in IndustryBIM and Construction IntegrationEconomic and Technological Systems Analysisdigital twinhybrid modelingoil and gas pipelines

More by Gulzhan Uskenbayeva