Article · Eurasian Journal of Applied Engineering and Technology · December 22, 2025
Форсирленген дизельді қозғалтқыштардың өнімділігін майлау жүйесіндегі май көлемін басқаруды жақсарту арқылы арттыру
A.M. Tabinbayev, K.K. Dzholdasova, Abzal Maksotovich Biniyazov, A.S. Denisov
Abstract
Бұл ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі автомобильдердегі форсирленген қозғалтқыштарды пайдалану тиімділігін арттыру және оларды жөндеуге кететін ағымдағы шығындарды азайту үшін қосымша мүмкіндіктерді іздеу қажеттілігімен негізделеді. Зерттеу мақсаты — қозғалтқыштағы май деңгейінің майдың ескіру процестеріне және дизельді қозғалтқыштың техникалық жай-күйінің өзгеруіне әсер етуінің жалпы принциптері мен заңдылықтарын бағалау. Зерттеу барысында автомобиль қозғалтқышын пайдалану кезінде мотор майы параметрлерінің өзгеру сипатына эксперименттік бағалау жүргізілді. Алынған нәтижелер әр 2000 км сайын май құюды қарастыратын, қазіргі уақытта қабылданған автомобиль дизельді қозғалтқышының картеріне май құю жиілігін қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Себебі, бұл жағдайда қозғалтқышты пайдалануға кететін меншікті шығындар жоғары болғандықтан, экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Нәтижелердің практикалық маңыздылығы оларды автокөлік техникасына қызмет көрсету кезінде, сондай-ақ күрделі жөндеу немесе дизельді қозғалтқыштарды форсирлеу қажет болған жағдайда, майлау жүйесіндегі май көлемін өзгерту мүмкіндігінде жатыр.
More by Abzal Biniyazov
- ИССЛЕДОВАНИЕ ДИНАМИКИ ИЗМЕНЕНИЯ ПАРАМЕТРОВ МОТОРНОГО МАСЛА И ТЕХНИЧЕСКОГО СОСТОЯНИЯ СИСТЕМЫ СМАЗКИ ДИЗЕЛЬНОГО ДВИГАТЕЛЯ В ПРОЦЕССЕ ЭКСПЛУАТАЦИИEurasian Journal of Applied Engineering and Technology · 2026
- Effect of Oil Volume in the Internal Combustion Engine Lubrication System on Engine Life and Oil AgingTrudy Universiteta · 2026
- Diagnosis and assessment of the lubrication system of KAMAZ diesel enginesProceedings of the Institution of Mechanical Engineers Part C Journal of Mechanical Engineering Science · 2026 · Citations: 3
- Improving the performance of automotive forced diesel engines by improving the control of oil volume in the lubrication systemJournal of the Chinese Institute of Engineers · 2025 · Citations: 2
