Skip to content
Publications

Article · Habaršy. Fizika-matematikalyķ ġylymdary seriâsy · September 1, 2023

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ МОДЕЛІН ҚҰРУ

A.E. Nazyrova, Nurbolat Tasbolatuly, Gulmira Bekmanova, Assel S. Mukanova, М.Ж. Калдарова

Abstract

Мақалада білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын сипаттау үшін онтологиялық тәсілді қолдану нәтижелері, сонымен қатар курс талаптары мен оқыту нәтижелері арасындағы сәйкестіктің кейінгі талдауы қарастырылады. Зерттеудің практикалық нәтижесі Protégé 5.5.0 редакторында оқу барысында қалыптасатын дағдылар мен студенттерге қойылатын алдын ала біліктілік талаптары тұрғысынан зерттелетін пәндерді көрсететін онтологияны құру болып табылады. Оқу жоспарының моделі уақытқа тәуелділіктерді ескере отырып, оқу жылы бойына семестрлер мен курстардың тізбегін қамтиды. Құрылған онтология «Программалық инженерия» білім беру бағдарламасының деректерімен толтырылған. Авторлар логикалық әдістерді қолдана отырып, оқу жоспарының алдыңғы оқу кезеңдерінде қалыптасқан талаптар мен дағдыларға сәйкестігін тексеруге мүмкіндік беретін DL Query және SPARQL тілдерінде сұраныстарды әзірледі. Әзірленген онтологиялық және логикалық қорытынды ережелері білім беру үдерісін басқару жүйелерінде және әртүрлі пәндер бойынша оқу нәтижелерінің жүйелілігі мен бағдарлама тұтастығын интеллектуалды талдау үшін білім беру бағдарламасын жобалау құралдарында қолданылуы мүмкін

Semantic Web and OntologiesEducational Assessment and PedagogyOpen Education and E-Learningontology constructioncurriculum structurecourse requirements

More by Nurbolat Tasbolatuly