Article · Bulletin of the Karaganda University Philology series · September 28, 2024
А. Байтұрсынұлы шығармаларын корпустық зерттеу («Қырық мысал», «Маса» жинақтары негізінде)
Nurlykhan Aitova, Gulnur Baishukurova, А. Иргебаева
Abstract
Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» және «Қырық мысал» жинақтарындағы мәтіндеріне корпустық әдіспен квалитативті талдау жасалған. Корпустық әдіспен мәтіндерді зерттеу жалпы әлем тіл білімінде жиі қолданылғанмен, қазақ тіл білімінде дәстүрге айнала қойған жоқ. Жалпы мәтінді корпустық талдау тіл мен әдебиетті зерттеудің әдіснамалық маңызды құралы саналады. Корпустық талдау сөзформалар мен сөзқолданыс жиілігін сандық сипаттауға, мәтіннің лексикалық, құрылымдық ерекшелігін айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының мақсаты — А. Байтұрсынұлының мәтіндеріне корпустық талдау жүргізу арқылы автордың сөзқолданыс, сөзформа жиілігін анықтау, қазіргі корпус базаларындағы мәтіндер жиілігімен салыстыру, сол бойынша автор қолданысы мен қазіргі қазақ тілінің қолданыс динамикасы жөнінде болжам жасау. Зерттеудің ғылыми, практикалық маңыздылығы да осыдан туындайды. Мәтіндердің белгілі бір тарихи кезеңдер мен қазіргі жай-күйіндегі сөздердің жиілігін автоматты сараптау біріншіден, белгілі кезеңдердегі сөзқолданыс жиілігінің сандық ақпаратын білуге мүмкіндік береді. Екіншіден, тілдік қолданыстардың белгілі бір уақыт аралығындағы теңгерімділігін, қоғамның түрлі саласында өмір сүру қабілетін, т.с.с. сапалық, сандық өзгерістерді анықтауға, тәпсірлеуге және болжауға септігі тиеді. Зерттеу барысында мәтінді корпустық зерттеу, сөзформалардың жиілігін талдау әдістері қолданылды. Арнайы бағдарламалық инструменттер көмегімен автордың шығармалары өңделіп, леммаларды сөзтізбелеу жүзеге асырылды. Зерттеуде талдаулар негізінде қол жеткізілген нәтижелерді А. Байтұрсынұлы шығармаларының жиілік сөздігін жасауда қолдану қарастырылған. Алынған нәтижелердің шығармалардың стилдік қырын танытуда, тақырыптық ерекшеліктерін танымдық, т.б. аспектілерде зерттеуде зор көмегі бар және сөздіктер құрастыру тәжірибесінде, оқу процесінде, тілдік, әдеби жобалар жасауда пайдалануға жарақты.
More by Nurlykhan Aitova
- Akhmet Baitursynuly’s Parallel Corpus: Lexical transformations in translationBulletin of the Karaganda University Philology series · 2025 · Citations: 1
- ЭТНОНИМЫ В СОСТАВЕ РУССКИХ И КАЗАХСКИХ ФРАЗЕОЛОГИЗМОВIzvestiâ KazUMOiMÂ im. Abylaj hana. Seriâ "Filologičeskie nauki". · 2025 · Citations: 1
- A Corpus Approach in Language Discovery: A Word Frequency Analysis Based on the Corpus Outcomes in KazakhForum for Linguistic Studies · 2025 · Citations: 8
- A Corpus-Based Analysis: Kazakh-Russian Grammatical Transformations in Akhmet Baitursynuly’s TranslationsForum for Linguistic Studies · 2025 · Citations: 3
