Article · Вестник Алматинского университета энергетики и связи · June 30, 2024
ЖЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ ДЕРЕКТЕРІ АРҚЫЛЫ МҰЗДЫҚТАРДЫҢ МАССАЛЫҚ БАЛАНСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІН БАҒАЛАУ
Serik Nurakynov, Ионосфера институты, Алматы, Қазақстан, Aibek Merekeyev, Gulnara Iskaliyeva, Байгурин Жаксыбек Джакупбекович, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
Abstract
Мақалада Жетісу Алатауы үшін өңірлік масштабта мұздықтардың массасының геодезиялық балансы есептелді. Зерттеу SRTM-С және TanDEM-Х жердің сандық модельдерін салыстыру арқылы алынған деректерді есептеу негізінде жасалды. Толқындардың ену тереңдігінің айырмашылығын анықтау үшін SRTM-С және SRTM-Х жердің сандық модельдеріне Python бағдарламалық синтаксисіндегі DEMCOMPARE бағдарламашасында жүзеге асырылған әдістеме негізінде салыстыру жүргізілді. Жүргізілген жұмыстың мақсаты Жетісу Алатауындағы мұздықтардың еру жағдайына объективті деректер алу, талдау жасау және ГАЖ технологиясын қолдана отырып мұздықтардың массалық балансын есептеу болды. Алынған деректер бойынша, 2000-2016 жылдар аралығында, Жетісу Алатау мұздықтары үшін жылына масса балансының өңірлік орташа мәні орта есеппен -0,44 m w.e. a-1құрады. Масса балансының ең жылдам қысқаруы Ырғайты және Тентек бассейндерінде -0.59 w.e. a-1 и -0.55 w.e. a-1болғаны анықталды. Ал Ақсу, Лепсі және Қаратал бассейндерінде салыстырмалы түрде ең баяу шығын -0.35, -0.38 және -0.40 w.e. a-1есептелінді. Мұздықтың күрт төмендеуінің себебін тиянақты талдау үшін климаттық деректер талданды. Өзгеру тенденцияларын талдау соңғы онжылдықтарда жылдың барлық маусымдары мен айларында барлық станцияларда ауа температурасының тұрақты өсуі байқалғанын көрсетті.
More by Gulnara Iskaliyeva
- Compound Spring Flood Hazards in Kazakhstan and Comparable Cold-Continental Regions: Mechanisms, Indicators, and Recovery AssessmentWater · 2026
- SENSITIVITY ANALYSIS OF THE IMPACT OF CLIMATE CHANGE ON THE SYRDARYA RIVER RUNOFFJournal of Geography and Environmental Management · 2026
- Occurrence and Characteristics of Rock Glaciers in Western Tien ShanWater · 2026 · Citations: 1
- Climate-Driven Cryospheric Changes and Their Impacts on Glacier Runoff Dynamics in the Northern Tien ShanAtmosphere · 2026 · Citations: 2
