Skip to content
Publications

Article · Вестник Алматинского университета энергетики и связи · March 30, 2024

НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІ АЛГОРИТМДЕРІ НЕГІЗІНДЕ СӨЙЛЕУДІ ТАНУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, Алматы, Казақстан, Мақсат Қанашев, Нұрай Тоғанас, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы, Казақстан, Теодор Илиев, Руз Университеті, Болгария

Abstract

Бұл мақалада білім беру қосымшалары мен жасанды интеллект контекстіндегі сөйлеуді танудың екі моделінің жылдамдығы мен дәлдігіне салыстыру жасалған. Зерттеудің мақсаты - SpeechRecognition және Levenshtein кітапханаларын пайдалану кезінде тану жылдамдығын, дыбысты мәтінге түрлендіру дәлдігін және ресурстарды тұтынуды бағалау. Сөйлеуді тану модельдерінің дәлдігін салыстыру нәтижелері JSON форматында жазылады, содан кейін matplotlib кітапханасын қолдана отырып, олар тану жылдамдығы мен дәлдігін салыстыратын кестелер түрінде бейнеленеді. Деректерді осылайша визуализациялау олардың жетілдірілуіне және білім беру жүйелеріне тиімді біріктірілуіне ықпал етеді. Қорытындылай келе, авторлар білім беру мен жасанды интеллект саласындағы сөйлеуді тану технологияларын одан әрі дамыту перспективаларын, сондай-ақ болашақ зерттеулердің әлеуетті бағыттарын, соның ішінде көптілділік пен диктордың эмоцияларын талдауды атап көрсетеді.

Speech Recognition and SynthesisSpeech and dialogue systemsSpeech and Audio Processingspeech recognitionneural network speech recognitionspeech-to-text conversion

More by Assel Mukasheva