Skip to content
Publications

Article · Вестник Алматинского университета энергетики и связи · September 30, 2023

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТӘУЕЛДІК, ЖІКТІК ЖАЛҒАУЛАРЫН ЛОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРЫМ ЕРЕЖЕЛЕРІ АРҚЫЛЫ ФОРМАЛДАУ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан, Lena Zhetkenbay, Altynbek Sharipbay, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан, Razakhova Bibigul Shamshanovna, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

Abstract

Мақалада қазақ тілінің сөздерін автоматты түрде талдауды жақсарту және морфологиялық бірліктерді анықтау мақсатында формальды ережелердің модельдерін тұжырымдау қарастырылды. Атап айтқанда, зерттеу бүкіл түркі тілдері тобында кеңінен қолданылатын лексикалық-семантикалық категорияларға жататын тәуелдік және жіктік жалғауларын қамтитын зат есімдердің синтезін реттейтін ережелерді түсіндіруге бағытталған. Қазақ тілінің морфологиялық ережелерінің формальды үлгілері тұрақты өрнектерді қолдана отырып шығарым ережелерімен сипатталды. Қазақ тіліндегі зат есімдердің жіктелу ережесінің формальді модельдерін толықтай оқып түсіну үшін аналитикалық зерттеулерді қарапайым ететін нейрондық желілер қолданылды. Бұл нейрондық желілер формалданған ережелердің жағдайын түсіну, бағалау және болжауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Оқытуға арналған мәліметтер жиынтығы кириллица алфавитіне сәйкес реттелген JSON форматында жүйелендірілді. Бұл зерттеудің нәтижелері компьютерлік лингвистика саласында практикалық маңыздылыққа ие, бұл әсіресе электрондық грамматикалық жинақтарды, көп тілді электрондық тезаурустарды, мультимедиялық сұрақ-жауап жүйелерін, сондай-ақ зияткерлік оқыту құралдары мен қазақ тіліне бейімделген білімді бағалау жүйелерін, басқа да әлеуетті қолданбаларды әзірлеуде айқын көрінеді.

Natural Language Processing TechniquesTurkic and Altaic LinguisticsSyntax, Semantics, Linguistic VariationKazakh languagederivational suffixesinflectional suffixes

More by Lena Zhetkenbay