Article · «Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова» · March 24, 2022
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ МЕН ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Abstract
Мақалада ХХІ ғасырдың қорқынышты құбылысына айналған терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің іс-қимыл мәселелері және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шет елдердің оң тәжірибесі қарастырылады. Автор терроризм мен экстремизмді мемлекеттердің ұлттық және халықаралық қауіпсіздігіне негізгі қауіп ретінде анықтайды. Бұл қатерлер неғұрлым ауқымды және жаһандық сипатқа ие болғандықтан, халықаралық қоғамдастық осы құбылысқа қарсы күрестің жалпы саясатын әзірлеуі тиіс, өйткені тек белсенді мемлекетаралық ынтымақтастықтың арқасында ғана терроризмге қарсы шаралардың тиімділігіне қол жеткізуге болады. Бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымы терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы құқықтық тұжырымдамаларды біріздендіруге, террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстардың алдын алу мен жолын кесудің бірыңғай тетіктерін жасауға бағытталған бірқатар конвенциялар мен хаттамаларды қабылдады. Мақалада аталған халықаралық конвенциялардың негізгі ережелеріне терең талдау жасалады және олардың бүкіл әлемдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызы бағаланады. Қазақстан Республикасының терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың тәжірибесі мол болмағандықтан, көптеген жылдар бойы терроризм мен экстремизммен күресіп келе жатқан шет елдердің заңнамасы мен құқық қорғау органдарының практикасын зерделеу мәселелері ерекше маңызды болып табылады. Автор әртүрлі мемлекеттердің терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі тиісті құзыретті органдарының бірлескен қызметінің қазіргі тәжірибесіне талдау жасады, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша негізделген ұсыныстар берді. Шетелдік тәжірибені зерделеп, оны жүйелеп, Қазақстанның жағдайына бейімдеп, терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жөніндегі шараларды оңтайландыруға, сол арқылы осындай күрестің құралдары мен әдістерін таңдауда ықтимал қателіктерге жол бермеуге болады.
More by Ренат Шайхаденов
- Transformation of criminal proceedings in the context of digitalisation: admissibility of evidence and prospects for integrating blockchain technologies into law enforcement practiceFrontiers in Blockchain · 2026
- PROSECUTOR'S SUPERVISION IN THE INVESTIGATION OF CRIMINAL OFFENSES IN THE FIELD OF INFORMATION TECHNOLOGY: LEGAL REGULATION AND INTERNATIONAL EXPERIENCE«Вестник Атырауского университета имени Халела Досмухамедова» · 2026
- Procedural balance in criminal proceedings: rights of the victim and the suspectEurasian Scientific Journal of Law · 2025
- Ways to Improve Legal Mechanisms' Efficiency in Protecting Human Rights and FreedomJournal of Law and Sustainable Development · 2023 · Citations: 7
