Article · ICONTECH INTERNATIONAL JOURNAL · July 15, 2018
РАЗВИТИЕ КРИТИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ БУДУЩЕГО ПЕДАГОГА В ПРОЦЕССЕ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ ПОДГОТОВКИ В ВУЗЕ
Abstract
Қазіргі қоғамда тек қана қалыптасқан нормалар мен дәстүрлерге ғана бағынып қоймай, сонымен қатар белсенді және өздігінен талдауға, бағалауға, тұжырым жасауға, дұрыс, объективті шешімдер қабылдауға, жеке және кәсіби түрде өзін – өзі дамытуға қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу қажеттілігі туындап отыр. Мамандардың кәсіптік құзыреттілігіне қойылатын талаптар, сондай-ақ кәсіби тұрғыдан шешімдер қабылдау үшін олардың жеке және әлеуметтік жауапкершілігінің деңгейі артып келеді. Бұл ашық, демократиялық қоғамды құру үрдісімен байланысты, оның ерекшелігі: динамикалық әлеуметтік құрылым, жоғары ұтқырлық, жаңашылдық және сыни ойлау. Қазіргі заманғы жоғары білім беру жүйесін реформалаудың қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі - жеке тұлғаның сыни ойлауын бағдарлау. Міндеттер мен проблемаларды ұтымды шешуге ықпал ететін балама, инновациялық нысандарды, құралдар мен әдістерді іздестіру, сондай-ақ басқа адамдардың мүмкіндіктерін бағалайтын тұжырымдамалармен, қорытындылармен, сұрақтармен, болжамдық іс-әрекеттермен жұмыс жасай алу, болашақ маманның бәсекеге қабілетті тұлғасын қалыптастырудың маңызды шарты болып табылады.
More by Alina Amanzholova
- Teaching methodology for the course “Computer Methods in Physics” for prospective physics teachers based on adaptive technologiesScientific Reports · 2026
- Enhancing cancer stage prediction through hybrid deep neural networks: a comparative studyFrontiers in Big Data · 2024 · Citations: 10
- Bot detection on twitterJournal "Fundamental Sciences and Applications · 2019
- ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ БИОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫICONTECH INTERNATIONAL JOURNAL · 2019
