Article · NEWS OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN · June 18, 2026
VERKLE АҒАШТАРЫНА АРНАЛҒАН ТОРЛЫҚ ВЕКТОРЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Kunbolat T. Algazy, Alimzhan Yerkebulan, Kairat Sakan, Saule Nyssanbayeva
Abstract
Мақалада Verkle-ағаштарында қолдануға арнайы оңтайландырылған және SIS есептерінің күрделілігіне негізделген жаңа торлық векторлық міндеттеме схемасы ұсынылады. Зерттеудің негізгі мақсаты болып заманауи блокчейн жүйелері мен үлестірілген реестрлерде қолданылатын масштабталатын аутентификацияланған деректер құрылымдары үшін ықшам әрі посткванттық тұрақты криптографиялық примитивтерді құру болып табылады. Ұсынылған құрылым классикалық векторлық міндеттемелерге тән дәлелдер мен міндеттемелердің шағын өлшемін сақтай отырып, кванттық шабуылдарға төзімділікті қамтамасыз етеді және trusted setup қажеттілігін жояды. Жұмыста Setup, Commit, Open және Verify алгоритмдері егжей-тегжейлі сипатталып, қауіпсіздік моделі формализацияланған және схема параметрлері анықталған. Сонымен қатар көпмүшелер коэффициенттерін торлық кеңістікке тиімді кодтау әдістері, модульдік параметрлерді таңдау принциптері және нормасы бақыланатын қысқа куәліктерді генерациялау тәсілдері қарастырылған, бұл қауіпсіздік пен есептеу тиімділігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Ұсынылған құрылым тиімді көпашуларды және пакеттік тексеруді қолдайтыны көрсетілген, бұл жоғары тармақталуы бар Verkle-ағаштары үшін аса маңызды. Сонымен қатар KZG, IPA және RSA міндеттемелерімен салыстырмалы талдау жүргізіліп, дәлелдер өлшемі, есептеу шығындары және trusted setup талаптары бойынша бағаланған. Нәтижелер ұзақ мерзімді үлестірілген жүйелер үшін торлық тәсілдің артықшылықтарын көрсетеді және посткванттық векторлық міндеттемелерді масштабталатын блокчейн инфрақұрылымдарына енгізу мүмкіндігін ашады.
More by Kairat Sakan
- Design of a New Lightweight Hash Function FLUX-128 and Experimental Evaluation of Its Diffusion and Statistical PropertiesComputers · 2026
- CONSTRUCTION OF LATTICE-BASED VECTOR COMMITMENTS FOR VERKLE STRUCTURESThe Proceeding Bulletin MILF · 2026
- VERKLE АҒАШЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБАНЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУВестник Академии гражданской авиации · 2026
- СЫЗЫҚСЫЗ ТҮЙІН S-БЛОК ҮШІН ИЗОМОРФТЫ S-БЛОКТЫ АЛУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА САЛЫСТЫРМАЛЫ КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ ТАЛДАУЛАР ЖҮРГІЗУВестник КазАТК · 2026
