Article · МАТЕМАТИКАНЫ ФИЗИКАНЫ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ · January 1, 2025
THEORETICAL, HISTORICAL AND PRACTICAL ASPECTS OF USING A DIFFERENTIATED APPROACH IN TEACHING MATHEMATICS
Aigul Dauletkulova, K.K. Zhamaladin
Abstract
Мақалада математика пәнін оқыту үдерісінде сараланған тәсілді қолданудың теориялық, тарихи және тәжірибелік аспектілері ашылып, оның дараланған оқытумен өзара байланысы сипатталады. Зерттеу барысында оқытудағы дифференциация идеясының тарихи дамуы, Ю.А. Коменскийден бастап А.Н. Колмогоровқа дейінгі көзқарастар салыстырмалы талдауға алынды. Жүйелік және құрылымдық талдаулар негізінде оқушылардың қабілет деңгейлерін ескеретін арнайы әдістемелік модель ұсынылды. Эксперименттік зерттеу нәтижелері ұсынылған әдістеменің тиімділігін дәлелдеп, оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерінің артуына ықпал ететінін көрсетті. Сараланған оқытудың тиімділігі 10-11 сынып оқушылары арасында жүргізілген эксперименттік бақылау арқылы статистикалық тұрғыда дәлелденді. Нәтижелер оқу үлгерімінің орташа көрсеткіштерінің жоғарылағанын, шығармашылық тапсырмаларды орындау сапасының артқанын көрсетті және математиканы оқытуда даралау мен саралаудың өзара байланысы мен «біркелкілік принципінің» практикалық жүзеге асу мүмкіндігін дәлелдеді. Сонымен қатар, мақалада сараланған оқытудың психологиялық және педагогикалық алғышарттары, оқушылардың жеке даму траекторияларын қалыптастыру жолдары, когнитивтік және мотивациялық факторлардың өзара әсері жан-жақты сипатталады. Авторлар ұсынған модель оқыту мазмұнын, әдістерін және бағалау жүйесін икемді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және математиканы оқытудың сапасын жетілдіруге бағытталған нақты әдістемелік ұсынымдармен толықтырылған. Оларды жалпы білім беретін мектептерде, лицейлер мен гимназияларда оқушылардың қабілет деңгейін ескере отырып, жеке білім беру траекторияларын құруда қолдануға болады. Бұл зерттеу болашақта математикалық білім беруді даралау мен цифрлық оқыту технологияларын ықпалдастыру бағытында жаңа ізденістерге жол ашады.
More by Aigul Dauletkulova
- “We have stolen our kids’ childhood”: parents’ and teachers’ perspectives on shadow education in KazakhstanAsia Pacific Education Review · 2026 · Citations: 3
- METHODOLOGY OF TEACHING GEOMETRY IN THE CONTEXT OF DIGITALIZATION OF EDUCATIONЖурнал серии «Педагогические науки» · 2025 · Citations: 1
- The influence of teachers’ statistics knowledge on the academic performance of high school students in math lessonsInternational Journal of Education and Practice · 2024
- Factors Influencing the Success of Students’ Learning through Online Learning/Distance Education : A Bibliometric Analysis of Scopus DatabaseJurnal Kependidikan Jurnal Hasil Penelitian dan Kajian Kepustakaan di Bidang Pendidikan Pengajaran dan Pembelajaran · 2024 · Citations: 3
