Skip to content
Publications

Article · Bulletin of D Serikbayev EKTU · March 30, 2025

SUBSTANTIATION OF RESOURCE-SAVING FORMS AND PARAMETERS OF STABLE SLOPES OF THE SIDES OF A DEEP QUARRY

Baitak Apshikur, Ипалаков Тулеген Турсунович, Murat Alimkulov, Azamat Kapasov

Abstract

Зерттеудің мақсаты – әдістерді талдау негізінде терең карьерлер бортының ұтымды, тұрақты бейінін таңдау және есептеудің тиімді әдістемесін әзірлеу. Мақалада әртүрлі геомеханикалық жағдайларда терең карьерлердің борт маңайындағы массивінің тау жыныстарының кернеулі-деформацияланған күйін бағалау бойынша жүргізілген зерттеулердің негізінде, карьерлік беткейлердің тұрақтылығының бұзылуын қалыптастырушы кеніштің геологиялық, гидрогеологиялық және тау-кен орнының техникалық шарт жағдайлардың себептері анықталды. Зерттеуде карьерлік беткейлер параметрлерінің тау-кен-геологиялық жағдайларға сәйкес келмеуі немесе осы жағдайлардың жеткіліксіз зерттелуі, тау-кен жұмыстарын дұрыс жүргізбеу, гидростатикалық және гидродинамикалық күштердің жыныстарға әсері, тау-кен-көлік кешенінің, жаппай жарылыстардың әрекетінен болатын динамикалық жүктемелер есепке алынды. Сонымен қатар,беткейлердің немесе қастарға іргелес учаскелердің қосымша жүктемелері, көлбеу параметрлерін есептеудің дұрыс емес әдісін қолдану секілді себептер айқындалды. Осыдан деформациялық құбылыстарды талдау негізінде, беткейлерде көшкіннің пайда болуын шарттайтын жағдайлар, тау жыныстары массивінің тепе-теңдік күйінің бұзылуына әкелетін күштердің көрінуіне ықпал ететін табиғи және жасанды процестердің жиынтығы екендігі дәлелденді. Көлемдік қираудың вертикалды призмасын бөлу барысында шеңберлі цилиндрлік гипотеза базалық ретінде қабылданды. Алынған мәліметтер нәтижесінде карьер борттарының тұрақтылығын есептеу әдістері талданып, карьердің жұмыс бортының бұрышының ұлғаюына 15-45 м сатысының биіктігі ең үлкен әсер ететіні анықталды. Жазық сатылы және жазық пішінді аралық контурлардың ұтымды еместігі айқындалды. Зерттеу қорытындысының практикалық және теориялық негізінде карьердің жұмыс аймағының бүйірлік беткейінің тегіс дөңес профилі ең үнемді әдіс екендігі анықталды. Бұл бейін тұрақтылықты қамтамасыз етіп, адамдар мен технологиялық жабдықтардың қауіпсіз жұмыс жағдайларын құрумен қатар, тегіс профильмен салыстырғанда аршу жұмыстарының көлемін 25,3 мың м³ азайтуға мүмкіндік береді.

Geomechanics and Mining EngineeringGeotechnical Engineering and AnalysisGeotechnical and Mining Engineeringslope stabilityslope reinforcementresource conservation

More by Baitak Apshikur