Article · Habaršy. Fizika-matematikalyķ ġylymdary seriâsy · October 1, 2025
STEAM-ЖОБА РЕТІНДЕ 3D ПРИНТЕРДІҢ ФИЛАМЕНТІН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ЭКСТРУДЕРДІ ӘЗІРЛЕУ
Н.А. Курмангалиева, M. Yersin, Guldina Kamalova, K.B. Seiduali
Abstract
Мақалада пластикалық бөтелкелерді қайта өңдеуге арналған экструдер әзірлеу бойынша STEAM жобасын жоғары білім жүйесіне кіріктіру арқылы іске асыру тәжірибесі талқыланады. Зерттеу аясында 3D принтердің филаментін шығаруға арналған пластикті қайта өңдеу экструдері әзірленді. Ғылыми білімді, цифрлық дағдыларды және студенттердің шығармашылық ойлауын біріктіруге мүмкіндік беретін инженерлік, технологиялық және педагогикалық аспектілерді біріктіруге басты назар аударылды. Экструдерді әзірлеу тек техникалық тапсырма ретінде ғана емес, сонымен қатар 3D модельдеу, параметрлерді цифрлық бақылау және тұрақты даму саласындағы құзыреттерді қалыптастыратын оқу құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында құрылғының техникалық сипаттамалары талданды, жіп өндіру бойыншатәжірибелер жүргізілді, деректерді өңдеу және визуализация үшін цифрлық құралдарды пайдаланудың тиімді білім беру әсері бағаланды. Нәтижелер мұндай жобаларды жүзеге асыру қазіргі қоғамда сұранысқа ие цифрлық құзырлылық, топтық жұмысты және тәжірибеге бағытталған дағдыларды дамытуға ықпал ететінін негіздейді.
More by K.b. Seiduali
- IMPLEMENTATION OF IOT TECHNOLOGIES IN PEDAGOGICAL UNIVERSITY EDUCATIONBulletin of Toraighyrov University Pedagogics Series · 2025
- ЖОО–ДА IOT ЖӘНЕ МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ЕНГІЗІЛУ ДЕҢГЕЙІ МЕН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІBulletin of Zhetysu University named after I Zhansugurov · 2025
- DIGITAL EDUCATIONAL RESOURCES IN TEACHING FUTURE INFORMATICS TEACHERS TO CREATE IOT DEVICES2025
- CREATION OF A SMART LIGHTING SYSTEM IN THE STUDY ROOMHabaršy. Fizika-matematikalyķ ġylymdary seriâsy · 2024
