Skip to content
Publications

Article · Вестник КазАТК · June 19, 2023

RSA АЛГОРИТМІ ҮШІН СЕНІМДІЛІК АРАЛЫҒЫН ПАЙДАЛАНЫП КІЛТ КЕҢІСТІГІН АНЫҚТАУ

Salamat Zhunusbayeva, Zhanna Alimzhanova

Abstract

Бұл ғылыми жұмыстың мақсаты криптографиялық шифрдың беріктілігін бағалау мақсатында кілттер кеңістігін талдауға алгоритм құрастыру. Есептің негізгі шарты – шифрланған мәтінді қалыпты үлестірілген кездейсоқ шама ретінде бөліп қарастыру. Шифр-мәтіннің кілттер кеңістігіндегі сенімділік аралығын анықтау интеграция санын азайтуға мүмкіндік береді. Алынған алгоритм ассимметриялық алгоритмдердің беріктілігін бағалау үшін тестілеу әдістемесін жасауға мүмкіндік береді. Шифрланған мәтіннің сипаттамаларын зерттеудің негізгі объектісі - бақылау үлгісіндегі заңдылықтарды анықтау. Кілттер кеңістігін оңтайландыру міндеті, визуализация тұрғысынан, кілттің бір мәнді мәнін анықтауға бағытталған. Зерттелетін криптографиялық Шифр ретінде асимметриялық RSA шифры таңдалды. Бұл мақалада шифрланған басқару хабарламаларының геометриялық интерпретациясын қолданатын криптографиялық шифр талданады. Деректерді талдау үшін бағдарламалық жасақтама жасалды: шифрланған мәтіндерді визуализациялау Python бағдарламалау тіліндегі matplotlib кітапханасының көмегімен жүзеге асырылды.

Cryptographic Implementations and SecurityCryptography and Residue ArithmeticCryptography and Data Securitykey spaceconfidence intervalskey space reduction

More by Zhanna Alimzhanova