Skip to content
Publications

Article · Bulletin of D Serikbayev EKTU · December 25, 2025

EXPERIMENTAL DETERMINATION OF THE COMPOSITION OF REFRACTORY CONCRETE BASED ON LIQUID GLASS BASED ON MS- 500 HYDRAULIC PRESS TESTS

Анатолий Гольцев, В.Ю. Чернавин, Baitak Apshikur, Murat Alimkulov

Abstract

Бұл зерттеу жұмысының мақсаты – қайталама отқа төзімді материалдарды пайдалану арқылы қайнау қабатты пештің қызмет ету мерзімін арттыру және отқа төзімді бетонның физикалық- механикалық қасиеттерін тәжірибелік және компьютерлік талдау арқылы бағалау болып табылады. Жұмыста дәстүрлі шамот кірпішінен жасалған футеровканы монолитті бетонмен алмастырудың тиімділігі қарастырылды. Негізгі байланыстырғыш ретінде натрий фторсиликаты бар сұйық шыны қолданылды, ол жоғары температура мен агрессивті ортада (SO₃) беріктігін сақтай алады. Эксперименттік зерттеу нәтижелері 900 °C температурада 12–14 термоциклге дейін бұзылусыз төтеп берген бетон үлгілерінің беріктігін көрсетті. Алынған нәтижелер отқа төзімді бетонның қайнау қабатты пештерде қолдануға толық сәйкес келетінін және оның жылу мен механикалық беріктігінің жоғары деңгейін дәлелдейді. Зерттеу нәтижесінде қайталама шамот материалдарын пайдалану отқа төзімді бетонның құрамын оңтайландырып, оның термотөзімділігі мен беріктігін арттыратыны анықталды, бұл өз кезегінде пештердің сенімділігін арттырып, жөндеу жиілігін азайтуға және өндірістік тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Concrete and Cement Materials ResearchAdvanced ceramic materials synthesisFire effects on concrete materialsrefractory concretesodium silicaterefractory lining

More by Baitak Apshikur