Skip to content
Publications

Article · Ġylym ža̋ne bìlìm · September 29, 2022

DATA MINING ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІН ТАЛДАУ

Aigul Kubegenova, Криворотько Ольга Игоревна, Zhanargul Abuova, Елназ Жангалиева

Abstract

Мақалада деректерді іздеу технологиясы, машиналық оқыту әдістері және кластерлік талдау негізінде есептерді сәйкестендіру, реттеу жүргізілді, университетіміздің білім алушылардың үлгерімі талдалып, алгоритмдері сипатталады. Data Mining технологиясының көмегімен ақпараттық жүйелер және технологиялар білім беру бағдарламасының білм алушыларының үлгеріміне талдау жасалды. Data Mining қолданбалы статистика, білімді тану, жасанды интеллект, мәліметтер базасының теориясы және т. б. сияқты ғылымдар негізінде пайда болған және дамитын көп салалы аймақ деп білеміз. DataMining – бұл жасырын заңдылықтарды (ақпарат шаблондарын) деректерден іздеуге негізделген шешім қабылдауды қолдау процесі болып табылады. Статистикалық әдістердің көпшілігі деректерді талдау бойынша орташалау тұжырымдамасын пайдаланады ал Data Mining нақты мәндермен жұмыс жасайтынына көз жеткіздік. Оқытуда білім деңгейін жоғарлату барысында үш белгі негізінде топтастыру үшін біз кластерлік талдауды қолдандық. Білім алушылардың GPA балдарының көрсеткіші бойынша классификацияға бөлініп дендрограмма құрылды, кластерлерге бөлініп оқу үлгерімдері анықталып топтастырылып біріктірілді. Кластерлік талдау-бұл объектілерді алдын ала анықталған және өлшенген критерийлер бойынша жұптасып салыстыру негізінде объектілерді салыстырмалы түрде біртекті сыныптарға (кластерлерге) ретке келтіру рәсімі ретінде білеміз.

Online Learning and AnalyticsData Mining and Machine Learning ApplicationsEducational Technology and Pedagogydata miningstudent learning behavioracademic performance analysis

More by Айгуль Даулетовна Кубегенова